28 Июн 2025, Сб

ТЕҢ ҚОҒАМ – ТІРЕГІМ

Арыс қаласында мүгедектігі бар жандардың өмір сапасын арттыруға бағытталған нақты істер жүзеге асып келеді. Солардың бірі – Асыл жүрек әлеуметтік орталығы КММ қарасты «Тең қоғам» әлеуметтік орталығы. Қала бойынша жалпы саны 2570 мүгедектігі бар адам тіркеуде болса, соның 1300-ден астамы осы орталықтың қызметін тұрақты түрде пайдаланып келеді. Бұл орталық – олардың дамуына, қоғаммен байланысын арттыруға, рухани және мәдени тұрғыдан байи түсуіне жол ашатын маңызды орын.