Арыс қаласында мүгедектігі бар жандарды қолдау бағытында бірқатар әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді. Соның бірі – үйде күтім жасау қызметі. Бұл бастама қарт адамдардың өмірін жеңілдетіп, күнделікті тұрмыстағы қажеттіліктерін өтеуге үлкен мүмкіндік беруде.