Таразда Кеңес Одағының Батыры, көрнекті қолбасшы Бауыржан Момышұлын еске алуға арналған халықаралық бокс турнирі салтанатты түрде ашылды. Аймақ үшін дәстүрлі іс-шараға айналған бұл ауқымды спорттық дода №6 облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің заманауи спорт кешенінде өтіп жатыр.