20 Апр 2026, Пн

Қызылордалық полицейлер «Халық заңгері» акциясы аясында тұрғындарға құқықтық көмек көрсетті

https://www.instagram.com/p/DKSgHoGtN24/?igsh=NnczOGp1aGFzbmZn

Бүгін Қызылордада «Қоғамда «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс – қимыл жоспарының» негізінде азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында республикалық кең ауқымды «Халық заңгері» акциясы өтті.
Акцияның мақсаты — халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Кез — келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың өкілдері және басқарма басшылары бар.
?️А.Тоқмағамбетов атындағы Мәдениет үйінде өткен шараға Қызылорда облысы Полиция департаментінің Тергеу, Анықтау, Көші-қон қызметі, Әкімшілік полиция және Жергілікті полиция қызметі басқармаларының басшылары қатысып, облыс тұрғындарына кеңес беріп, көмек көрсетті. Бұл шара елдің барлық қалалары мен елді мекендерінде өткізілуде.
#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНиПОРЯДОК

Дереккөз:Қызылорда облысының полиция департаменті