Тараз қаласында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру, бір-бірімен тәжірибе алмасу және ұжымдық байланыстарды нығайту мақсатында зияткерлік Quiz-ойыны ұйымдастырылды. Танымдық бағыттағы бұл іс-шара педагогикалық шеберлікті шыңдау, интеллектуалды әлеуетті дамыту және шығармашылық ойлауды қолдау мақсатында арнайы форматта өткізілді.