14 Июн 2025, Сб

«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА ҚЫЗМЕТ АТҚАРҒАН ЖАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ

Жамбыл облыстық Полиция департаментінде «Қазақстан Полициясы күні» мерекесіне орай, қоғамдық тәртіп пен отбасы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосқан белсенді азаматтарды марапаттау рәсімі өтті. Іс-шара ҚР Ішкі істер министрлігінің «Құқық бұзушылықтың алдын алу жылы» және «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылды.