Қай заманда да қоғамның ізгілігі мен өркениеттілігінің өлшемі — оның әлсіздерге, қорғансыздарға, ерекше күтімді қажет ететін жандарға деген көзқарасымен бағаланған. Осы тұрғыдан келгенде, бүгінгі күннің үлкен әлеуметтік жауапкершілігін арқалап отырған орталықтардың бірі- «Үміт ұясы» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы. Бұл-болашаққа сенім ұялататын, тағдырдың тосын сынына тап болған мүгедектігі бар балалардың үмітін өшірмей, керісінше жанын нұрға бөлеп, жүрегіне сенім отын үрлейтін ерекше мекен.