Мүгедектігі бар жандардың қоғамнан шет қалмай, өз кәсібін дөңгелетіп, табыс табуына бүгінде мемлекет тарапынан да, жергілікті билік тарапынан да қолдау артып келеді. Бұл бағытта Мақтаарал ауданында да бірқатар нәтижелі жұмыстар қолға алынған. Атап айтқанда, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен мансап орталығы бірлесе отырып, нақты істер атқарып жүр.