Жетісай ауданында мемлекеттен қолдау тапқан азаматтар кәсіпке бет бұрып, ауыл шаруашылығын дамытуға өз үлесін қосуда. Солардың бірі – мүгедектігі бар азамат Намиев Қуатбек. Ол өзінің ағасы Ратбек Намиевпен бірге құс шаруашылығын жолға қойып, бүгінде сұранысқа ие өнім өндіруде.