Еңбектенуге ниеті бар адамға мемлекет тарапынан мүмкіндік мол. Әсіресе өз кәсібін ашып, жұмысын дөңгелетемін деген жандарға қайтарымсыз грант – үлкен демеу. Жетісай ауданында осы қолдауды тиімді пайдаланып отырған азаматтардың бірі – Шыңғыс Барбол. Ол дәнекерлеу ісін жетік меңгеріп, бүгінде темір өңдеудің түрлі бағытында еңбек етіп жүр.