Шардара ауданында әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандарға арналған игі бастамалар нақты іспен жалғасуда. Соның жарқын дәлелі – аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты «Мейірім» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы. Аталмыш мекеме аудан әкімінің қаулысы негізінде коммуналдық мемлекеттік мекеме ретінде құрылып, бүгінде қоғамның әлжуаз тобы саналатын азаматтарға жан-жақты көмек көрсетіп келеді.