7 Июн 2025, Сб

МЕМЛЕКЕТ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАРҒА ЖАН-ЖАҚТЫ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДЕ

Сарыағаш ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып, тұрғындардың еңбекке орналасуына жағдай жасау мақсатында аудандық жұмыспен қамту орталығы жыл бойы ауқымды жұмыстар атқаруда. Орталықтың негізгі міндеті — жұмыссыздық деңгейін төмендету, мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету, бос жұмыс орындарын тиімді ақпараттандыру және әлеуметтік көмек көрсету.