6 Июн 2025, Пт

ТАРАЗДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БОКС КЕШІ: АНГЕЛИНА ЛУКАС ҮШІН ТАРИХИ ЖЕҢІС

Күні кеше Тараз қаласында өткен кәсіби бокс кеші қазақстандық спортшы Ангелина Лукас үшін нағыз триумфқа айналды. Ол IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын сәтті қорғап қана қоймай, бұған дейін жеңілген жалғыз қарсыласы – чилилік Даниэла Асенхоны айқын басымдықпен жеңді.