Жамбыл облысында ірі инвестициялық жобалардың бірі сәтті жүзеге асырылды. Шу ауданында құны 4 миллиард теңгеден асатын заманауи теміржол депосы пайдалануға берілді. Салтанатты ашылу рәсіміне Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, Қазақстанның Франциядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова, ҚР Көлік министрлігінің, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өкілдері және жоба жетекшілері қатысты.