Бүгін Тараз қаласындағы «Самал» шипажайында Қазақстан омарташыларының форумы өтті. Шара кәсіби мереке — Малшылар күніне арналды. Бұл маңызды оқиға Еңбек мамандықтары жылы аясында ұйымдастырылып, мал шаруашылығы, әсіресе омарта шаруашылығы саласының ел экономикасындағы рөлін айқындауға бағытталды.