Бүгін Таразда қалалық көлік жүйесі мен экологиялық инфрақұрылымды дамытудағы маңызды қадамды білдіретін тарихи оқиға орын алды. Шаһарда Экологиялық таза электр такси жобасы іске қосылды. Жеке кәсіпкер «Югай ЮГ Такси» бастамасымен электр такси жобасының салтанатты түрде іске қосылуы «жасыл» технологияларды табысты енгізудің және қала тұрғындары үшін қызмет көрсету сапасын жақсартудың жарқын үлгісі болды. Айта кетейік, Салтанатты рәсімге Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков қатысты.