7 Июн 2025, Сб

ЕРБОЛ ҚАРАШӨКЕЕВ «ТҮЙТЕ» КАНАЛЫНЫҢ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін тағы бір жаңа демалыс орны пайдалануға берілді. «Ұлы дала» шағынауданы мен «Бұрыл» алқабының арасын жалғап жатқан «Түйте» каналы абаттандырылып, жаңаша келбетке енді. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев атқарылған жұмыстармен танысып, жергілікті тұрғындармен кездесті.