8 Июн 2025, Вс

«БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР»: ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА БАТАГӨЙ ҚАРИЯЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Адам тәрбиесі ананың ақ сүтінен, ана әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. Ананың бесік жырынан бастап, адамның жер қойнауына берілгенге дейінгі өзі көріп-білген салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар барлығы да адамның дүниетанымын қалыптастыратын өмір сабақтары. Халқымыздың әдет-ғұрпын,дәстүрін,тарихын білу, оны қастерлеу-баршаның борышы. Осы тұста Жамбыл ауданында рухани құндылықтарды дәріптеп, ұлт дәстүрін ұлықтауға бағытталған ерекше іс-шара өтті.  Аудандық ішкі саясат бөлімі ұйытқы болған «Батаменен ел көгерер» атты байқауға ауылдық округтерден жиналған 13 ақылман ақсақалдар мен батагөй қариялар қатысты. Бұл шараның мақсаты – бата беру өнерін жаңғыртып, жас ұрпаққа өнеге ету болды. Толығырақ алдағы бейнематериалда.