8 Июн 2025, Вс

ТАРАЗДА КИБЕРБУЛЛИНГ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Цифрлық кеңістік өскелең ұрпақтың өмірінің ажырамас бөлігіне айналғанымен, ол өзімен бірге бірқатар қауіптерді де ала келеді. Халықаралық зерттеулерге сүйенсек, Қазақстандағы әр сегізінші оқушы кибербуллингтің құрбанына айналған. Сонымен қатар, әр тоғызыншы жасөспірім интернет арқылы жасалатын қысымға тап болады, ал шамамен 11 пайызы мұндай әрекеттерге өздері де қатысқан. Бұл алаңдатарлық деректер Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде өткен кездесу тақырыбына негіз болды.