Облыс аумағындағы базарларда онлайн Бақылау-касса машинасын қолдану және тұтынушылардың сауда орындарда күнделікті сауда саттық жүргізуде «Чекті талап ет жүлдені ұтып ал» акциясына қатысуын арттыру бойынша дөңгелек үстел өтті. Басқосуға Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, облыс әкімдігінің Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының Сауда және сыртқы экономикалық байланыс бөлімі, уәкілетті мемлекеттік органдардың мамандары, Тараз қаласының базар басшылары, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің өкілдерінің қатысты.