Бүгін Тараз қаласында «Минералды тыңайтқыштар зауыты» акционерлік қоғамының 75 жылдық мерейтойы мен Химия өнеркәсібі қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мереке жаңғыртылған қалалық мәдениет үйі – Ықылас Дүкенұлы атындағы өнер ордасында ұйымдастырылып, зауыт қызметкерлері, сала ардагерлері, жергілікті атқарушы органдар мен жұртшылық өкілдерін бір шаңырақ астына жинады.