20 Май 2025, Вт

ҰШҚЫШСЫЗ ҰШУ АППАРАТТАРЫ БОЙЫНША МАМАНДАР ДАЯРЛАУ

Тараз қаласында Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің ұшқышсыз ұшу аппараттарын жауынгерлік қолдану және мамандар даярлау оқу орталығында ұшқышсыз авиациялық жүйелер операторларын оқытудың кезекті курсы басталды. Елдің әр аймағынан келген Қарулы Күштердің түрлі бөлімшелерінің әскери қызметшілері білім алу үшін Жамбыл облысына жиналды.