20 Май 2025, Вт

АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 180 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ «АБАЙ ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Жамбыл политехникалық жоғары колледжі облыс жастарының өнерін дәріптейтін маңызды алаңға айналды. Мұнда қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған облыстық «Абай оқулары» байқауы өтті. Іс-шараға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері қатысып, ұлы Абайдың шығармашылығынан шабыт алған өлең оқу, ән айту және көркемөнер туындыларын жасау шеберліктерін көрсетті