19 Май 2025, Пн

АЛТЫНБЕК ҚОРАЗБАЕВ АТЫНДАҒЫ «ӘН-ЖЫРЫМ САҒАН, ТУҒАН ЕЛ!» АТТЫ IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘНШІЛЕР КОНКУРСЫ ӨТТІ

Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында Қазақстан мен Қырғыз Республикаларының Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Барыс» және «Парасат» ордендерінің иегері, әнші-композитор Алтынбек Қоразбаев атындағы «Ән-жырым саған, туған ел!» атты IV Халықаралық әншілер конкурсы өтті. Байқау облыс әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның ұйымдастыруымен өткізілді.