Тараз қаласында өскелең ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық іс-шаралар аясында №3 мектеп-лицей базасында интерактивті сабақ ұйымдастырылды. Сабақты Тараз қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары Жедел-құтқару жасағының құтқарушыларымен және Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар Департаменті Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлерімен бірлесіп өткізді.