19 Май 2025, Пн

ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Меркі ауданында «Заң және тәртіп» қағидатын жүзеге асыру бойынша аудан жұртшылығымен ашық форматта кездесу өтті. Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруды мақсат еткен бұл жиынға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Бауыржан Жанаев, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің облыстағы өкілі Еркін Қуанышев, сондай-ақ аудан әкімі Ербол Жиенқұлов қатысты. Кездесуге құқық қорғау органдарының басшылары, білім саласының өкілдері, мемлекеттік мекемелер қызметкерлері, ардагерлер мен жастар да белсенді түрде атсалысты.