16 Май 2025, Пт

ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫНА ІРІ ҚАРА МАЛДЫ ЗАҢСЫЗ ШЫҒАРУ ӘРЕКЕТІ ТОҚТАТЫЛДЫ

Жамбыл шекарасында ірі қара малды Қырғыз Республикасына заңсыз алып өтпек болған әрекеттің жолы кесілді. Елден ауыл шаруашылығы жануарларын шығаруға қойылған шектеулер мен өткізу пункттері арқылы ет өнімдерін тасымалдау талаптарының күшейтілгеніне қарамастан, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің жауапкершілік аймағында мемлекеттік шекара арқылы малды заңсыз өткізу әрекеттері жалғасуда.