12 Май 2025, Пн

ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

Меркі ауданында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік жиын өтті. Аудандық Мәдениет үйінде ұйымдастырылған іс-шараға тұрғындар, әскери қызметшілер мен құрметті қонақтар жиналды. Бұл – ерлік пен елдік рухты дәріптейтін айтулы күн. Жиын барысында ел тыныштығын күзетіп жүрген сарбаздар мен әскери салада абыроймен еңбек етіп жүрген азаматтарға құрмет көрсетілді.