9 Май 2025, Пт

ТЕМІРЖОЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК, АВТОЖОЛДАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ЖӘНЕ ГАЗБЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібектің төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Жиынға тиісті басқармалар мен ведомстволардың өкілдері, «QazaqGaz Aimaq» АҚ Жамбыл өндірістік филиалы мен газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсететін ұйымдардың мамандары қатысты. Күн тәртібінде өңір үшін өзекті үш мәселе қаралды. Ол теміржол қауіпсіздігі, республикалық автожолдардың жағдайы және газбен қамту мәселелері жайлы болды.