6 Май 2025, Вт

ТАРАЗДА ТІС ЕМХАНАСЫНАН ҰРЛЫҚ ЖАСАҒАН ЕР АДАМ БЕЙНЕКАМЕРАҒА ТҮСІП ҚАЛДЫ

Полиция қызметкерлерімен Тараз қаласындағы тіс емханаларының бірінде орын алған ұрлық дерегі бойынша 35 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Тексеру барысында күдіктінің бұрын сотты болғаны анықталды. Оның тіс емханасы ішіндегі кассадан 455 000 теңге көлеміндегі ақшаны ұрлаған сәті бейнебақылау камераларына жазылып қалған. Ер адам ұрлаған қаражатты жеке қажеттілігіне жаратып жібергендігі анықталды.