6 Май 2025, Вт

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСЫ ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗІЛУДЕ?

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті шомылу маусымының басталуына байланысты өңір тұрғындары мен қонақтарына су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді. Қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында рейдтік шаралар ұйымдастырылып, ескерту белгілері орнатылып, су жағасындағы демалыс орындарында патрульдік жұмыстар күшейтілуде.