6 Май 2025, Вт

ӘСКЕРИ ПРОКУРАТУРА: ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ

Отан қорғаушылар күні қарсаңында Тараз қаласында Оңтүстік өңірдің әскери прокуроры, әділет полковнигі Сәкен Ермекбаев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының Тараз гарнизоны әскери қызметшілерімен кездесті. Ол Бауыржан Момышұлы атындағы 5-механикаландырылған бригадада болды. Айта кетерлігі, бұл кездесу тексеру мақсатында емес, сенімді әңгімелесу мен кеңес беру көмегін көрсету үшін ұйымдастырылды.