Тараз қаласы Қазақстан халқының бірлігі күнін тойлаудың жарқын орталығына айналды. Жамбыл облысы әкімдігі, облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасы және «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырған «БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН ҚАЗАҚСТАН» атты ауқымды іс-шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.