Тараз қаласында қызғалдақты табиғи және мәдени мұра ретінде зерттеу мен сақтау мәселесіне арналған «Қызғалдақ мұрасы» атты халықаралық ғылыми конференция өтті. Іс-шараға ботаника биологиялық әртүрлілікті сақтау салаларындағы жетекші ғалымдар, сондай-ақ жақын және алыс шетелдерден халықаралық және қоғамдық табиғат қорғау ұйымдарының өкілдері қатысты.