Жамбыл ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Авторлық бағдарлама мен ғылыми жоба жазу әдістемесі» тақырыбында аудандық оқыту семинары өтті. Іс-шараға Жамбыл ауданы білім бөлімінің басшысы Зауре Абдирасилова және Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті мен М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің профессор, доцент, оқытушылары мен мектеп директорларының әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарлары, пән мұғалімдері және шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтер қатысты.