29 Апр 2025, Вт

ҚОЛБАСШЫ ҚОЙГЕЛДІНІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Жамбыл облысында Қолбасшы Қойгелдіні еске алуға арналған қазақ күресінен жас палуандар арасында жыл сайынғы «қазақ күресі» республикалық турнирі өтті. Дәстүрлі жарысқа  еліміздің әр өңірінен 20-дан астам команда, 393 адам қатысты. Бұл Қазақстан жастарының ұлттық спортқа деген қызығушылықтарының жоғары екенін көрсетті. Турнир 2008–2009 жылы туған жасөспірімдер арасында қазақ күресінен өтті. Биылғы сайысқа елге белгілі спортшылар мен танымал тұлғалар да арнайы қонақ ретінде қатысты.