Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері арасындағы спартакиада мәресіне жетті. Екі күн бойы Тараз қалалық «Ұлан» стадионы мен қала мектептерінің алаңдарында тартысты спорт бәсекелері қызу жалғасты. Көпшіліктің қызығып ойнайтын спорт түрі – кіші футболдан финалдық кездесуде байзақтық аяқдопшылар мен шулықтар өзара мықтыны анықтады.