30 Апр 2025, Ср

ОБЛЫС ӘКІМІ ВЕТЕРИНАРЛАРҒА 50 ҚЫЗМЕТТІК АВТОКӨЛІКТІҢ КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ

Байзақ ауданының қосақ ауылында Жамбыл облысының ветеринариялық қызметін қолдауға арналған салтанатты іс-шара өтті. Өңір басшысы 50 жаңа қызметтік автокөліктің кілтін ветеринариялық дәрігерлерге тапсырды. Бұл саланың материалдық-техникалық базасын нығайтудағы маңызды қадам болды. Салтанатты шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, су ресурстары және ирригация, Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, сондай-ақ еліміздің әртүрлі өңірлерінен келген ветеринарлық мамандар қатысты.