29 Апр 2025, Вт

ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДАҒЫ ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасында әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы ведомствоаралық кеңестің отырысы өтті. Отырыстың негізгі тақырыбы жергілікті бастамаларды қолдау және әлеуметтік маңызы бар бизнес-жобаларды дамыту болды. Қатысушылардың назарында ауылдық аймақтарды дамыту және кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған жобалар болды.