29 Апр 2025, Вт

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ 115 ЖЫЛДЫҒЫ АТАП ӨТІЛДІ

Бүгін Жамбыл облысы Кеңес Одағының Батыры, даңқты қолбасшы, талантты жазушы және шынайы патриот – Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына арналған салтанатты шаралардың орталығына айналды. Оның есімі – Қазақстан тарихына алтын әріптермен жазылған.