Бүгін Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің отырысы өтті. Іс-шараға бизнес қауымдастығының өкілдері, салалық және аудандық кеңестердің басшылары қатысты. Кездесудің басты мақсаты – өңірдегі кәсіпкерліктің дамуына әсер ететін өзекті мәселелерді талқылау және жергілікті компаниялардың мүдделерін қолдау мен қорғау бойынша алдағы қадамдарды айқындау болды.