23 Апр 2025, Ср

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ЕРІКТІЛЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Меркі ауданында “Таза Қазақстан” экологиялық жобасы аясында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш маңында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға ауданның белсенді жастары мен MERKI ERIKTILER қозғалысының мүшелері белсенді қатысып, игі бастаманың жүзеге асуына өз үлестерін қосты.