Тараз қаласында ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғаныс күштерінің Ұшқышсыз ұшу аппараттарын ұрыс қолдану оқу орталығында өрт қауіпсіздігі бойынша оқу-жаттығу өтті. Іс-шара Қорғаныс министрлігінің жоспарына сай ұйымдастырылып, төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталды. Бағдарлама бойынша, әскери техника сақталған ангарда өрт шығып, жеке құрам өрт сөндіру және эвакуациялау іс-қимылдарын пысықтады.
Сіздің телеарнаңыз!