21 Апр 2025, Пн

Қызылордалық полицейлер үшін ерекше семинар өтті

https://www.instagram.com/reel/DIib7f7Bnsj/?igsh=ZGNmN3Z0Y3Qwcjc4

Қызылордалық полицейлер үшін ерекше семинар өтті. Жасанды интеллект негіздері бойынша оқыту семинары екі күнге жалғасты.Kyzylorda Hub бизнес-инкубаторында өткен оқыту семинары полиция қызметкерлерінің кәсіби дағдыларын арттыруға және жасанды интеллект технологияларын құқық қорғау саласында қолдану мүмкіндіктерін терең түсінуге бағытталған.Тәртіп сақшылары жасанды интеллекттің негізгі принциптерімен танысып, оның құқық қорғау қызметінде қандай рөл атқаратыны туралы ақпарат алды. Жасанды интеллекттің құқық қорғау саласында, оның ішінде қылмыстың алдын алу, мәліметтерді талдау және қылмыстық іс жүргізу процесінде қолданылуы туралы түрлі мысалдар келтірілді. Сондай-ақ, жасанды интеллектті пайдаланудың қауіпсіздік, құпиялылық және құқық қорғау органдарының қызметінде тиімділікті арттыруға қалай ықпал ететіні қарастырылды.Семинар барысында полиция қызметкерлері үшін маңызды құралдар мен технологиялар таныстырылды. Аталмыш шара қызметкерлердің жаңа технологиялармен жұмыс істей алатын қабілеттерін арттырып, құқық қорғау саласының цифрлық трансформациясын жеделдетуге бағытталған маңызды қадам болды.

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *