Жамбыл облысында 2025 жыл – Кітап оқу жылы деп жарияланды. Бұл – өскелең ұрпақтың танымын тереңдетіп, рухани әлеуетін арттыруға бағытталған үлкен қадам. Осы орайда облыс аумағында «Әулиеата – кітап оқитын өңір» атты кең көлемді акция бастау алды. Аталған бастама аясында қазақ халқының біртуар перзенті, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлына арналған «Тау тұлғалы, дара тұлға – Бауыржан» атты көшпелі кітап көрмесі ұйымдастырылды.