«ҚОҒАМДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ МЕДИА МОДЕЛІ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Оқу уақыты 1 мин.

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Қоғамдағы әлеуметтік-психологиялық мәселелердің медиа моделі» атты халықаралық конференция өтті. Басқосуда бүгінгі күннің ең өзекті дерті саналатын буллинг, суицид және лудомания мәселелері кеңінен талқыланды. Еліміз бен шетелден келген мамандар қауіпті құбылыстардың алдын алу жолдарын ұсынып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Толығырақ — алдағы сюжетте.