Бүгін «Тараз Арена» спорт кешенінде мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасындағы облыстық Спартакиаданың алғашқы кезеңі басталды. Бұл жарыс тірек-қозғалыс аппараты, көру қабілеті мен ақыл-ойы бұзылған спортшылардың өзара бәсекеге түсу алаңына айналды. Спартакиада 14 сәуірге дейін жалғасып, оған 15 жастан асқан, спортқа деген сүйіспеншілік пен жігері мол жандар қатысуда. Жарыстар паражеңіл атлетика, үстел теннисі, бочча, парадзюдо, тоғызқұмалақ және дойбы-64 сияқты бірнеше спорт түрінде өтуде.