Бүгін «Ұлы Дала» шағын ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған 2000 орындық жаңа мектептің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жиынға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев қатысып, барша қатысушыларды осы маңызды оқиғамен құттықтады. Сонымен қатар, жаңа мектептің ең жаңа технологиялармен жабдықталғанын және мұнда оқушылардың қауіпсіз әрі сапалы білім алуы үшін барлық жағдайлар жасалғанын атап өтті.