Жамбыл облысының бірқатар аудандарында және Тараз қаласында жер сілкінді. Осыған байланысты облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Меркі және Т. Рысқұлов аудандарына барып, төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың отырысын өткізді. Сондай-ақ, әкім жер сілкінісінен зардап шеккен нысандарды аралап, қалпына келтіру жұмыстары бойынша тиісті тапсырмалар берді.