Тараз қаласы көшелерінің бірінде патрульдік полиция инспекторлары «Hyundai Sonata» маркалы автокөлігін жас бала жүргізіп бара жатқанын байқаған. Жүргізуші полиция қызметкерлерінің көлікті тоқтату туралы заңды талабына бағынбай, қауіпті маневрлар жасап, қашпақ болған. Жолдың басқа қатысушыларына қауіп төндірмес үшін құқық бұзушыны бірнеше экипаж қоршап тоқтатуға тура келген